2014 жылдың 25-29 тамызы аралығында «МИЦ-2014» V Халықаралық жастар инновациялық форумы өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2014 жылғы тамыз айының 25-29 күндері аралығында Ресей Федерациясының Нижний Новгород қаласында «МИЦ-2014» V Халықаралық жастар инновациялық форумы өтетіндігін хабарлайды. Аталмыш іс-шараға Қазақстан, Ресей және Белорус мемлекеттерінің жас новаторлар мен кәсіпкерлері қатысатын болады.

Инновациялық жобаның бизнес жоспарын әзірлейтін оқыту бағдарламаларын өткізу Форумының негізгі мақсаты болып табылады.

Форумның қорытындысы бойынша ең үздік жобалардың авторлары өздерінің жұмыстарын осы жылғы 10 қыркүйек күні Нижний Новгород қаласында Үшінші Халықаралық бизнес-саммит аясында өтетін «Жастар инновациялық орталығы» Investor Demo Day финалдық кезеңінде инвесторларға ұсынуға мүмкіндік алады.

Форум қатысушыларына қосымша кәсіптік білім курстарын тегін өтуге «Кәсіпкерлік пен инновациялар» бағдарламасы бойынша оңтайлы мүмкіндіктер жасалып және оны растайтын сертификаттар табыс етіледі.

Форумға қатысу мен тіркелу туралы толыққанды ақпаратты www.mictp.ru сайтынан білуге болады.

Байланыс: +7 (495)739-79-75