«Психология және педагогиканың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Конференцияның мақсаты: қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуді іздестіру мен ғалымдар, оқытушылар, стуленттер, аспиранттар, докторанттар мен ниет танытқан адамдар арасында ғылыми теоретикалық және практикалық білімді кеңейту.

Өтетін түрі: сырттай

Тілдері: орыс, ағылшын

Конференция соңында конференция мақалаларының жинағы жарық көреді. Жинаққа сәйкес кітапханалық ӘОЖ, КБЖ және стандартты кітап нөмірі (ISBN) сынды көрсеткіштер беріледі.

Конференцияның барлық қатысушыларына конференцияға қатысқандығы туралы сертификаттар табыс етілмек.

Конференцияны өткізгеннен соң 15 күн ішінде мақалалар жинағы aeterna-ufa.ru сайтында орналастырылады, сондай-ақ, пошта бөлімдеріне жіберілетін болады.

Мақалалар жиынтығы Ресейлік ғылыми дәйексөз алу көрсеткішіне (РИНЦ) тіркелетін болады. (№ 981-04/2014K келісім-шарт 28.04.2014 ж.) және Elibrary.ru. электрондық кітапхананың сайтында орналасатын болады.

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Жалпы педагогика, педагогика мен білім беру тарихы.

2. Оқыту мен тәрбие беру теориясы мен әдістемесі (білім беру саласы мен деңгейі бойынша).

3. Әдептілік педагогикасы (сурдопедагогика мен тифлопедагогика, олигофренопедагогика және логопедия).

4. Дене шынықтыру тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімделу дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі.

5. Әлеуметтік-мәдени қызмет теориясы, әдістемесі мен ұйымдастыру .

6. Мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі.

7. Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі.

Сонымен қатар конференция тақырыбына сәйкес келетін басқа да бағыттар бойынша материалдар қабылданады.

Ақпараттық хат