«Олимпиялық спорт және спорт бұқара үшін» атты ХVIII Халықаралық ғылыми конгресс

Қазақстан Республикасының ЖОО-лар қауымдастығы 2014 жылдың 1-4 қазанында Қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен XXVIII Дүниежүзілік қысқы универсиада-2017 арналған «Олимпиялық спорт және спорт бұқара үшін» атты ХVIII Халықаралық ғылыми конгресінің өтетіндігін хабарлайды. Барлық елдердің ғалымдарына Конгресс өткізудің кезекті құқығын Қазақстанға беру шешімдері үшін шын жүректен алғыс айта отырып, бұны біздің республиканың әлемдік спорттық қозғалыс пен спорттық ғылымды дамытудағы үлесін танығандық ретінде бағалаймыз. Бұл ерекше маңызды оқиға Қазақ спорт және туризм академиясы үшін айтулы уақытта – құрылғанына 70 жыл толуы күндері өтетіні керемет нышан.

Конгрестің ғылыми бағыты

1. Заманауи олимпиялық спорт. Олимпиялық білім беру (тәжірибе, мәселелер, болашақ).

2. Дене тәрбиесі мен спорттың гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері. Менеджмент, маркетинг.

3. Балалар мен жасөспірімдер спорты.

4. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық-психологиялық мәселелері.

5. Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығудың медициналық-биологиялық аспектісі.

Халықаралық конгресс аясында дөңгелек үстелдер өтеді деп жоспарлануда:

1. Дене тәрбиесін оқытуды инновациялық дамытудың мәселелері мен технологиялары.

2. Тынығу және бұқаралық спорт. Халықтың түрлі топтарының дене қимыл белсенділігін ұйымдастырудың заманауи формалары.

3. Спорттық медицина және физикалық оңалту.

4. Паралимпиялық спорт. Бейімдеме дене тәрбиесі.

5. Халықты дене қимылдық тәрбиелеу жүйесіндегі ұлттық спорт түрлері.

Конгрестің ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Байланыс: факс: (727)2926805,(727)2921396, (727)2390651, (727)2923007.

e-mail: info@isc-almatv.kz, coriqress@isc-almatv.k2.

Ақпараттық хат