Сорбонна-Қазақстан институтында магистратура бойынша білім алуға 100 грант бөлінді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сорбонна-Қазақстан институты ашылды.

Аталмыш халықаралық жоба Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Болон Декларациясының талаптары мен қағидаларына толығымен сәйкес келеді. Елімізде мұндай жоғары оқу орны мекемесін ашу әр қазақстандық тіпті Орталық Азия мемлекетінің азаматтары үшін лайықты еуропалық білім алу мүмкіндігін кеңейтетіні сөзсіз.

Биыл Сорбонна-Қазақстан институтында магистратура бойынша білім алуға 100 грант бөлінуде:

«Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару» (6М050700 – Менеджмент) мамандығы бойынша 50 грант;

«Жаһандану жағдайындағы халықаралық диалог» (6М020200 – Халықаралық қатынастар) мамандығы бойынша 50 грант.

Оқыту тілі француз тілінде жүргізіледі, 90 пайызы Париж қаласының Сорбонна Университетінің оқытушылары.

Париж қаласының Сорбонна Университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сорбонна-Қазақстан институтында көрсетілген мамандықтар бойынша магистратурада білім алуға шақырады.

Байқауға француз тілін орташа және жоғары деңгейде меңгере алатын ЖОО түлектері қатыса алады. Байқау жеңімпаздары жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 1 маусымы мен 30 шілде аралығында жүргізіледі:

· Абай атындағы ҚазҰПУ жанында мына мекен-жай бойынша: 050010, Алматы қ., Жамбыл көшесі, 25, каб. №5, 6, 17; тел.: +7 (727) 2917191, 2913692, 2938638;

· Қазыбек би көшесі, 28, Сорбонна-Қазақстан институты; Қарлығаш Мұқанова – +7 701 7619108.

Бағдарламаға оқуға түсу тәртібі, магистратураға түскісі келетіндерге қойылатын талаптар, Сорбонна-Қазақстан институтына оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі сайтта орналастырылған http://sorbonne.kaznpu.kz/ru/.