«Инновациялық форсаж» мобильді технозертхананы жіберуге атсалысамын деушілердің назарына!

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Технологияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және «CREATIVE» продюсерлік орталығымен бірге бизнес-жоспарлардың инновациялық технолгиялары республикалық байқауын өткізуді жоспарлауда.

Байқауды өткізуде республикалық телеарналардың бірінде трансляция жасау жоспарланып отырған «Инновациялық форсаж» реалити-шоуын жасауды көзделіп отыр.

Көлемді мағлұмат беру мен насихаттауды қамтамасыз ету үшін 2014 жылдың 23 маусымында Агенттік «Инновациялық форсаж» тележобасының логотипі бар мобильді технозертхана жібермек, ол Қазақстанның барлық аймақтарына таралмақ.

Осыған байланысты 23 маусымда Көлік және коммуникация министрлігі ғимаратының жанында өтетін аталмыш шараға қатысқысы келетіндерге есік ашық!

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуларыңызға болады: +7 707 7576975.