«Сібір мемлекеттік көлік-жол академиясының хабаршысы» ғылыми-рецензиялау журналында өз ғылыми жұмыстарын жариялағысы келетіндердің назарына!

«Сібір мемлекеттік көлік-жол академиясы» федералды мемлекеттік бюджеттік білім берудің жоғары кәсіби білім беру мекемесі ISSN 2071-7296 «Сібір мемлекеттік көлік-жол академиясының хабаршысы» ғылыми-рецензиялау журналын шығарады.

Журнал 2004 жылы бекітілген және жыл өте келе ғылым саласының ғалымдары мен тәжірибелі мамандар арасында кеңінен танымал. «Сібір мемлекеттік көлік-жол академиясының хабаршысы» жаңа ғылыми нәтижелерден ақпараттандыруға, сондай-ақ, оқытушы-профессорлар құрамы, докторанттар, аспиранттар мен студенттердің, басқа да ЖОО ғалымдарының инновациялық зерттемелеріне арналған.

Журналға келесі ғылым салалары бойынша мақалалар қабылданады:

  • Көлік. Көліктік және технологиялық машиналар.
  • Құрылыс. Құрылыс материалдары мен бұйымдары.
  • Математикалық модельдеу. Жобалауды автоматтандыру жүйесі.
  • Экономика және басқару.
  • Жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
  • Экология және эргономика.

Журналдың редакция алқасына халықаралық редакциялық кеңес кіреді.

«Сібір мемлекеттік көлік-жол академиясының хабаршысы» Ресей БҒМ ЖАК бекітілген рецензиялайтын ғылыми журнал мен басылымдар тізіміне іліккен. «Сібір мемлекеттік көлік-жол академиясының хабаршысы» 2009 жылдан бастап eLibrary Ғылыми Электрондық Кітапханаға ұсынылып, Ресей ғылыми дәйексөз алу индексіне енгізілген. Баспа саясатын ары қарай жүзеге асыруда мерзімді басылым саласында «Сібір мемлекеттік көлік-жол академиясы» федералды мемлекеттік бюджеттік білім берудің жоғары кәсіби білім беру мекемесі университеттік ғылымның дамуына әсер етуші фактор, қызмет бағытының басты міндеті – мақалалардың сапасын арттыру мен оларға ресейлік, шетелдік ғалымдар мен мамандардан құралған авторлар мен оықрмандарды тарту.

Ақпараттық хат