Жыл сайын 14 маусым күні дүниежүзі бойынша Дүниежүзілік қан доноры күні мерекесі аталып өтіледі.
Ғылыми-қндірістік трансфузилогия орталығы Еуразия ұлттық университетінің ОПҚ, студенттері мен қызметкерлерін «Аналарымыздың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіз қан» атты іс-шараға шақырады.
Донор бол! Өмір сүруге үміт сыйла!
Есіңде болсын:
Донорлық қанның бір тамшысы – сенің өмірің!
Сенің қаныңның бір тамшысында – өзгенің өмірі!
Қан банкін бірге құрайық!
Күндердің бір күнінде донорлық қан сізге де зәру болуы ғажап емес!
Қан алу келесі мекен-жайда: Астана қ., Керей-Жәнібек көшесі, 10.
Уақыты: сағат 10:00
Біз қол ұшымызды бермесек, кім берді?
Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті