11 маусым күні қала күніне орай «Жастар үні» атты акция өтеді

2014 жылдың 11 маусымында «Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Студенттік» саябақта («Қазақстан» СК мен «Зодиак» рестораны арасындағы алаң) қала күніне орайластырылған «Жастар үні» атты акция өтеді.

Бағдарламаға сәйкес Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы, Дос, Күлайым Қайырбаева, Сон Паскаль, «Арт-домбыра» триосы, «Viva» шоу балеті мен жайдарман командалары өнер көрсетеді.

Соынмен қатар «Асық ату» ұлттық ойын түрінен жарыс ұйымдастырылмақ. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Асық ату» ойынының басталуы: сағат 17:30.

Мерекелік кеш сағат 19:00-де басталады.