«Дін мен дәстүр – радикализмге қарсы» тақырыбында өтетін республикалық ғылыми-практикалық конференция

Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе 2014 жылдың 18 маусымында Өскемен қаласында «Дін мен дәстүр – радикализмге қарсы» тақырыбында өтетін республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты – Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығын сақтаудағы дәстүрлі ислам құндылықтарының орны мен рөлін және радикализмнің Қазақстан қоғамына келтіретін қауіп-қатерін ашып көрсету. Сонымен қатар еліміздегі діни экстремизм мен радикализм қауіп-қатеріне қарсы тұрудың ғылыми-идеологиялық және практикалық әдіс-тәсілдерін зерделеу болып табылады.

Конференция өткізілетін орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55.

Конференцияның өтетін уақыты: 2014 жылдың 18 маусымы сағат 10.00., тіркелу 9.30)

Конференцияның негізгі бағыттары:

– Қазақстандағы діни радикализм мен экстремизм: тарихы, себептері, таралуы;

– Діни радикализмның Қазақстан қоғамына қауіп-қатері ;

– Дін экстремизм және діни-саяси экстремистік идеология;

– Ислам экстремизм мен терроризмге қарсы;

– Діни экстремизм мен терроризмнің алдын –алу шаралары;

– Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтары.

Конференция қазақ, орыс тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысуға жоғары оқу орындарының оқытушылары, доктаранттар, аспиранттар, магистранттар, діни басқармалар басшылары, мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері және осы конференцияда қаралатын мәселелерге қызығушылығын білдірген барлық тұлғалар шақырылады.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 9 маусымына дейін баяндама тезистері мен мақалаларды электрондық нұсқада электрондық пошта арқылы: taldau_din@mail.ru «конференцияға» деген белгімен немесе ШҚО дін істері басқармасына (К.Либкнехт көшесі 19, кабинет 510, 504) жолданады.

Жоғарыда көрсетілген уақытынан кешіктірілген материалдар қаралмайды.

Конференцияға жіберілген материалдар рәсімдеу талаптарына сәйкес файлдық түрде, бірінші автордың тегімен (айталық, Слямов.dos, Иванов.dos және т.б.) ұсынылады. Материалдарды жібергеннен кейін ұйымдастыру комитетінің алғаны жөніндегі растауын міндетті түрде күту керек.Барлық мақалалар авторлық редакцияда шығарылады. Бір автор ( қосымша баяндамашымен)екі баяндама жіберуіне болады. Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды жариялауға ұсынуды өз міндетіне алады.

Сараптамалық комиссиясы өтінімдерді қарап, 2014 жылдың 15 маусымына дейін (пленарлық және секция мәжілістерінде) конференцияның бағдарламасын жасайды.

Конференция қатысушыларына арнайы сертификат беріледі. Ең жақсы мақала авторына сыйлық және диплом беріледі.

Жол ақысы, жатар орыны, іссапар шығындары конференция қатысушының өз есебінен немесе жұмыс істейтін мекемесі есебінен төленеді. Алдын ала қонақ үйге орналасу үшін ұйымдастыру комитетіне 2014 жылдың 3 маусымына дейін өтінім берулеріңізді сұраймыз. Хабарласпаған жағдайда конференцияға қатысушылар өз еркімен орналасады.

Конференцияға жіберілген материалдар жинақ болып және CD дискісіне шығарылады.

Барлық сұрақтарыңызға мына телефондар арқылы жауап ала аласыздар: 8-7232-25 29 97, 8-7232-704-267

Беркимбаева Индира Қилымбекқызы +7705 3182303

Омарбаева Арнагуль Қалелбеккызы +7705 4455459

Гайко Ольга Александровна +7777 5599965

Ақпараттық хат

Тұжырымдама