ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 2014 жылы 6 маусым күні ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбековтың 85 жасқа толуына арналған «Қазақстандық тарих ғылымының өзекті мәселелері мен даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Ғылыми кеңестің жұмысына қатысуға ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.
Конференция төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
Қазіргі кезеңдегі Отан тарихы ғылымындағыжаңа тұжырымдар мен көзқарастар
Тарихи демография саласындағы зерттеулер: жетістіктері мен болашағы
Қазақстандық археология және этнология ғылымдарының даму мәселелері мен болашағы
Жинаққа мәліметтерді дайындау, жариялау және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасы мен жинаққа қосу үшін 2014 жылдың 26 сәуірге дейін мақалаларды жіберулеріңізді өтінеміз.
Толық ақпарат http://www.iie.kz/?p=3505 сайтында
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
Тел.: 8(727) 272-46-54
Ұялы тел.: +7 771 4110133 (Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы)
e-mail: akudaybergen@mail.ru
Ұялы тел.: +7 707 5055969, +7 705 1356094 (Уалтаева Алтын Слямхайдарқызы)
e-mail: ualtayeva_altyn@mail.ru