«Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық дамуы: ұлттык және халықаралық тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2014 ж. 27 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық дамуы: ұлттык және халықаралық тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын (қашықтықтан) өткізеді. 

Конференция мақсаты – адамдар арасындағы қатынаста әлеуметтік әділеттікке, теңдікке қол жеткізу, парасаттылықты бекіту үшін қажетті жағдайлар мен құралдарды камтамасыз ету, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құру жолында адамды құқықтық құралдармен қорғау саласындағы ТМД елдері ынтымақтастығының халықаралық тәжірибесін жинақтау. 

Оку орындарының қызметкерлері конференция материалдарының шығарылайын деп отырған жинағына катысуға шақырылады, ол үшін мақалаларыңыздың колжазбасын 10 маусымға дейін электронды мекен-жайға (gospravo_police @mail.ru) немесе: 050060 Қазақстан Республикасы Алматы к. Өтепов көш., 29 мекен жайына жіберулеріңізді сұраймыз. 

Конференция материалдарының жинағын шығару а.ж. шілде айына жоспарланып отыр. 

Байланыс тел.: 8(727)3378147