20 мамыр күні Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркменстан Республикаларындағы ОАР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі Шириш Сонидің дәрісі өтеді

20 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркменстан Республикаларындағы Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Төтенше және Өкілетті Елшісі Шириш Сонидің дәрісі өтеді.

Оңтүстік Африка елінің Бостандығы мен Демократиясының 20 жылдығын тойлау аясында өтетін аталмыш дәріс Африка тарихы, Африкандық қауымның өзекті мәселелері мен Нельсон Манделаның өмірі жайлы болмақ. Дәрістен соң қатысушыларға Африка туралы ағылышын тіліндегі фильм көрсетіледі.

Өтетін уақыты: сағат 11:00.

Өтетін орны: ЕҰУ-дің оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 259 ауд.