«Дінтану» пәнін оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

2014 жылдың 17 қазанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік уинверситеті «Дінтану» пәнін оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция барысында мына мәселелер қарастырылады:

1. Қазақстан Республикасындағы діни ахуал және жастар тәрбиесі.

2. Қазақстан жоғары оқу орындарындағы діни наным-сенім жағдайы және студенттерді тәрбиелеу мәселесі.

3. «Дінтану» пәнін оқытудың әлемдік және қазақстандық тәжірибесі мен үлгілері.

4. Дінді оқыту мәселесіне теологияның, зайырлы дінтанудың және атеизмнің ұстанымдары

5. Зайырлы дінтану пәні, объектісі және ғылыми педагогикалық қағидалары (принциптері)

6. Қоғамтану жүйесіндегі «Дінтану» пәнінің орны мен мәртебесі

7. «Дінтану» пәнін оқытуда ұстаз тұлғасының рөлі.

Ұйымдастыру алқасы қатысу туралы өтініш пен материалдарды 2014 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қабылдайды: sharni_86@mail.ru.

Ұйымдастыру жарнасын 3000 теңге көлемінде арнайы есеп шотқа аударып және «Дінтану конференциясына» деп көрсетуі керек.

Мекен-жайы: Ақтөбе, ағ.Жұбановтар көшесі, 263. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдық және әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығы, телефон: 8 (7132) 55-21-76, 208 каб.

Ақпараттық хат