«Қазақстанның инновациялық экономикасы: жаһандану жағдайында тұрақты дамудың факторы ретінде» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы және Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрісі

21 мамыр күні VII Астана экономикалық форумы аясында «Қазақстанның инновациялық экономикасы: жаһандану жағдайында тұрақты дамудың факторы ретінде» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы және Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрісі өтеді.

Конфреенция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді:

1. Экономиканың жаһандануының бухгалтерлік есеп, аудит және талдаудың дамуына әсері

2. Туристік саланың және «жасыл экономиканың» бәсекеге қабілеттілігінің инновациялық ортасы

3. Инновациялық дамудың экономикалық теориясы

4. Қазақстан экономикасындағы инновацияны қаржыландырудың қазіргі формалары мен әдістері

5. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы

6. Қазақстан Республикасының инновациялық дамуы мен экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: қазіргі жағдайы және болашағы.

Конференцияның пленарлық сессиясы аясында келесі адамдар сөз сөйлейді:

  1. Модератор – Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық білім беру, ғылымдарының Халықаралық академиясының академигі.
  2. Шетел қонақтары:

Финн Кидланд, «Cерпінді макроэкономикаға, соның ішінде экономикалық саясат пен күштердің уақытша факторлары, іскерлік айналымды басқаруға қосқа үлесі үшін экономика саласы бойынша 2004 жылы Нобель сыйлығының Лауреаты.

Михаил Федоров, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының Координациялық кеңесі Төрағасының орынбасары, Жастардың Еуразиялық экономикалық форумының (ЖЕЭФ) ұйымдастырушы комитетінің төрағасы, «Үлкен Еуразиялық университеттік кешен» АКҰ Президенті, Орал мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры, д.г-м.д., профессор, РФ.

3. Спикерлер:

Левент Алтынай, Оксфорд Оксфорд Брукес Университетінің стратегия және бизнесті дамыту саласының профессоры, Англия. Баяндама тақырыбы: «Factors influencing Entrepreneurial Orientation of Kazakh Firms».

Петер Михайли, Экономика институтының профессоры, Будапешт қаласы, Венгрия. Баяндама тақырыбы:

«Realistic innovation policies and targets in a middle-income, catching-up economy».

Сунг Хи Джа Андогон ұлттық университеттің профессоры, Корея. Баяндама тақырыбы: Korea’s economic development, experiences and lessons for the late comers – Ten key issues on korean experiences.

Вольфрам Шарф, доктор, Қоршаған оратын талдау институтының профессоры, Германия. Баяндама тақырыбы: «Опыт Германии при создании малых инновационных предприятий».

Метин Козак, профессор Dokuz Eylul University, Турция. Баяндама тақырыбы: «Sustainability in Tourism».

Сондай-ақ, Еуразия ұлттық университетінде Нобель сыйлығының лауреаттары дәріс оқиды:

Эрик Маскин – «Оңтайлы механизмдер теориясының негізін салғаны үшін» Нобель сыйлығының лауреаты

Финн Кидланд – норвеждік экономист, «Экономикалық саясат және іскер циклдар уақытындағы келісім – динамикалық макроэкономикаға қосқан үлесі үшін» экономика бойынша 2004 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.

Джордж Фицджеральд Смут ІІІ – американдық астрофизик пен космолог, «ғарыш реңкілі сәулеленудің энергетикалық спектрінің қараденелік құрылымы мен анизотропиясын тапқаны үшін» 2006 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты.

Ақпараттық хат