15 мамыр күні сағат 17:00-де Әлеуметтік ғылымдар факультетінің акт залында «Күй шашу» атты «Дала сазы» қазақ халық аспаптар оркестрінің есеп беру концерті өтеді. Бағдарламаға сәйкес дәстүрлі қазақ халық музыкасы, қазіргі зақаз сазгерлерінің шығармалары орындалмақ.
Жетекшісі – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық корнсерваториясының түлегі, Ш.Қажғалиев атындағы республикалық байқаудың жеңімпазы әрі Құрманғазы атындағы республикалық байқаудың жеңімпазы Айгүл Сағатова.
Жеке орындаушылар: Мөлдір Асқар, Әсет Муртазин, Әділбек Екпін, Жамбыл Тілепов, Нұрбала Қалдыбаева.