Профессор Франчески Барджиэлла-Чиаппинидің «Мәдениет пен коммуникацияны түсінудің жаңа тәсілдері» тақырыбында дәрістік және практикалық сабақтар курсы өтеді

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің филология факультетінің теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасы оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттерді 2014 жылғы 12 мамырдан бастап 21 мамырға дейінгі аралықта PhD докторы, University of Warwick құрметті профессоры, University of Huddersfield профессоры, Ұлыбританияның «LEF» (UK Linguistic Ethnography Forum) лингвистикалық этнографиялық форумының мүшесі, сыпайылықты зерттеу жөніндегі «LPRG» (Linguistic Politeness Research Group) институтаралық лингвистикалық тобының негізін қалаушы, халықаралық «ELAB» (English as a Language of Asian Business) ассоциациясының төрайымы Франчески Барджиэлла-Чиаппинидің (Ұлыбритания) дәрістік және практикалық сабақтар курсына қатысуға шақырады.

Дәріс тақырыбы: «Мәдениет пен коммуникацияны түсінудің жаңа тәсілдері»

Дәрістер оқу-зертханалық ғимарат, 821 ауд. сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Семинарлар ОЗҒ, 211 ауд., сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. 

Байланыс телефондары: 8 705 235 69 88 (Әлия)

Практикалық сабақтарда ғылыми зерттеулер бойынша кеңестер алуға мүмкіндік бар.

Қатысушылар саны шектеулі. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Дәрәстердің тақырыбы:

12.05.14

Definitions of concepts and cross-disciplinary vocabulary

13.05.14

Qualitative study of culture: Methodologies and methods

14.05.14

Discourse and Culture: Synergies and challenges

15.05.14

Pragmatics and Culture: Politeness in interpersonal communication

16.05.14

Cultural discourse practices: Asian Business Discourse (ABD)

19.05.14

(Inter) Cultural Communication (ICC)

20.05.14

Beyond ICC: Interculturality

21.05.14

Review lecture

*Сабақ кестесі ауысуы мүмкін (қосымша ақпарат келесі ақпараттық хатта)