«Ораз Жандосов – ағартушы, ғылымды ұйымдастырушы және реформатор» атты республикалық ғылыми конференция

Құрметті әріптестер, докторанттар мен магистранттар!

Сіздерді 2014-жылдың 17-мамырында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өтетін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Қиқымұлы Жандосовтың 115 жылдық мерейтойына арналған «Ораз Жандосов – ағартушы, ғылымды ұйымдастырушы және реформатор» тақырыбындағы республикалық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. О.Жандосов ірі мемлекет және қоғам қайраткері

2. О. Жандосовтың ағартушылық және ғылыми зерттеушілік ізденістерінің бағыты

3. О. Жандосов ауылшаруашылық ғылымының негізін ұйымдастырушысы

4. Заманауи білім берудің инновациялық аспектілері

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақала көлемі 5 беттен аспауы тиіс.

Конференцияның жұмысына қатысу жөнінде өтініш пен баяндаманың мәтіні (электронды және қағаз түрінде) 2014-жылдың 15-ші мамырына дейін ұйымдастыру алқасының электрондық поштасына немесе көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс: 050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы 8, ҚазҰАУ 1а корпус, 18 кабинет.

Өтетін орны: 050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы 8, ҚазҰАУ бас ғимарат, акт залы.

Тіркеу уақыты: 17 мамыр, 2014 ж. сағат 9.00.

Үйлестіруші: Тәуекелова Нұргүл Бақытбекқызы

e-mail: nurgul1981@mail.ru, 87773960088.

Ақпараттық хат