24 сәуір күні «Әңгіме-дүкен» әдеби-герменевтикалық клубының кезекті отырысы өтеді

Құрметті студенттер, оқытушылар қауымы!

Рухани әңгіменің уызына қанғыларыңыз келсе, сіздерді 24 сәуір күні өтетін филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасына қарасты «Әңгіме-дүкен» әдеби-герменевтикалық клубының кезекті отырысына шақырамыз.

Отырыста филология факультетінің 4 курс студенті Озат Ақниет жапон халқының ұлы жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Ясунари Кавабатаның «Ұйқыдағы арулар» («Спящие красавицы») повесі бойынша баяндама жасайды. Ойларыңызды ортаға салып, рухани әңгіменің көрігін қыздыруға атсалысыңыздар.

Өтетін орны: ЕҰУ, ОЗҒ, 321ауд.

Уақыты: сағат 18:00
Байланыс телефоны: 87016006870