«XXI ғасырдағы көлік: жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы 2014 жылдың 24-25 сәуірінде Мұхамеджан Тынышпаевтың 135 жылдығына орай «XXI ғасырдағы көлік: жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1) Көліктегі тасымал үрдісінің автоматтандырылған басқару жүйелерін дамыту және ұйымдастыру;

2) Логистикалық консалтинг және халықаралық көлік жүйесіне тасымалдау мен қозғалыс басқаруының біріктіру жолдары;

3) Экологиялық мәселелер және көліктегі қауіпсіздігі;

4) Көлік құрылыстарының құрамы, құру және жобалауы;

5) Құрылымдардың беріктігі және құрылыстардың сенімділігі;

6) Көлік сапасын басқару, метрология және стандарттау;

7) Темір жолдардың жылжымалы құрамы, оның пайдалану, жөндеуін ұйымдастыру және қызмет көрсетуі;

8) Көлік техникасын пайдалану және құру жүйелерін жетілдіру;

9) Көліктегі автоматтандыру және ақпараттандыру;

10) Қазіргі телекоммуникациялық жүйелер;

11) Энергетика саласындағы көкейтесті мәселелері мен сұрақтары;

12) Көлік және телекоммуникациялық кешеніндегі экономикалық тиімділіктің дамуы.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 18 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетіне немесе adil_smagulov@mail.ru электронды мекен-жайына жазбаша және электрондық түрде келесі материалдарды жіберу керек:

– ұсынылған формаға сай сұраныс;

– мақала (көлемі 4 беттен аспау керек), төмендегі талаптарға сай орындалуы тиіс;

– төлем түбіртегі. Еңбек жинағында бір мақаланы жариялау төлемақысы 1605 (бір мың алты жүз бес) теңге, конференцияның материал жинағының төлемақысы 3210 (үш мың екі жүз он) теңге.

Төлемді аударғанда міндетті түрде «Мұхамеджан Тынышпаевтың 135 жылдығына орай «XXI ғасырдағы көлік: жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция» деп белгілеп, өз аты жөнінізді толығымен жазуыңыз керек.

Баяндамалар ғылыми жинақ ретінде жарияланады. Конференцияға қатысты іс-сапар шығындарын қатысушылар өздері төлейді.

Ұйымдастыру комитетінің талапқа сай келмейтін, конференция тақырыбына сәйкес емес және белгіленген мерзімнен кеш жіберілген мақалаларды жарияламауға құқығы бар.

Байланыс: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көшесі 97 үй, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы. Моб.: +7-701-222 99 56, тел.: +7 (727)-292-27-09.

Ақпараттық хат