Баршаңызды «Астана көктемі» атты көктем мерекесіне шақырамыз!

Наурыз мерекесі – Жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі. Ол көктем мен жаңару, жаңғыру мерекесі ретінде бес мың жылдық тарихы бар Ұлыстың ұлы күні болып саналады.

17 сәуір күні сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-зертханалық ғимараты мен оқу-әкімшілік (бас) ғимаратының ортасындағы алаңында «Астана көктемі» атты көктем мерекесі өтеді.

Мереке бағдарламасы айтыс, ән-би өнері, «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» концерттік бағдарламасы, киіз үй тігу, ұлттық ойын мен белгілі спорт түрлерінен спорттық жарыстар, байқауларды қамтиды.