«Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Конференция мақсаты – педагог кадрларын даярлаудың теориялық, ғылыми-әдістемелік және практикалық тәсілдерін жетілдіру мәселелерін талқылау

Конференция бағыттары

  • Жоғары педагогикалық білім беру: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары;
  • Қазіргі кезеңдегі білім беруді дамыту өзекті мәселелерінің психологиялық-педагогикалық аспектілері;
  • Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беруге көшудің өзекті мәселелері;
  • Инновациялық технологияларды білім беру кеңістігіне енгізу мәселелері мен жолдары;
  • Философия, тарих және саясаттанудың өзекті мәселелері;
  • Лингвистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері.

Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушы есебінен төленеді. Материалдар 2014 жылғы 21 сәуірге дейін Ғылыми жұмысты ұйымдастыру бөлімінде (Мир көшесі, 60-үй, 105 каб.) немесе otdelnauki_105@mail.ru электрондық мекенжайына қабылданады. Ұйымдастыру комитеті материалдарды тексеруден өткізіп, басылымға таңдап алуға құқылы.

Баяндама мәтінінің көлемі 5 беттен артық болмауы тиіс, e-mail: otdelnauki_105@mail.ru жіберіледі.

Тел., факс: 8 (7182) 651612.

Ақпараттық хат