Ғылым декадасы шеңберінде шақырылған профессор Пламен Петровтың “Ғылым мен инновациялық технология саласындағы Еуроодақтың саясаты” тақырыбындағы дәріс

8 сәуір күні Ғылым декадасына орай сағ. 11.00-де 319 ауд. халықаралық қатынастар факультеті аймақтану кафедасына шақырылған профессор Пламен Петровтың «Ғылым мен инновациялық технология саласындағы Еуроодақтың саясаты («Политика Евросоюза в сфера науки и инновационных технологий»)» тақырыбында дәрісі өтеді.

Петров Пламен Димитров – философия ғылымдарының докторы (К.Охрид атындағы София университеті). Ғылыми қызығушылықтары: геосаясат, халықаралық қатынастар, энергетикалық қауіпсіздік. Қазақстанда қызмет ету уақыт аралығы: 2012 жылдың қарашасы мен 2014 жылдың маусымы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, аймақтану кафедрасы.

Алғаш рет Қазақстанға ол тек 1989 жылы келіп, Алматы қаласында болған еді, 2010 жылы тәуелсіз Қазақстанға алғашқы сапары болды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық және аймақтық зерттеулер орталығында үш апталық курстан өтті. Каспий аймағы бойынша саясаткер және сарапшы Петров Пламен Димитров Астанадағы құрылыс көлеміне таң қалып, Қазақстан жайлы көптеген жаңа мәліметтер жинады.

Профессор Пламен Петровтың дәрісіне студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар қатысуы жоспарлануда.

Дәрісті SWOT анализ, PEST анализ, салыстырмалы талдау т.б. зерттеу әдістерін қолдану арқылы өткізеді. Оқытушы дәріске сәйкес слайд, бейне және аудио жазба, салыстырмалы сызба мен диаграммалар әзірледі. Еуроодақтың ғылым мен инновациялық технология саласындағы саясаты, өзгерістер мен жаңалықтар жөнінде ғылыми танымдық мәліметтер дайындалды.

Ұымдастырушылар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің халықаралық қатынастар факультеті

тел.: 709-500, ішкі: 31-376