«Физика – математика ғылымдарының қазіргі білім беру кеңістігіндегі рөлі» тақырыбындағы ІV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Академик З.Қабдолов оқулары – 2014» аясында 2014 жылдың 24-25 сәуірінде өткізілетін «Физика – математика ғылымдарының қазіргі білім беру кеңістігіндегі рөлі» тақырыбындағы ІV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті- Н.А. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауындағы Қазақстан білім беру жүйесі алдына қойған негізгі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Конференцияға Қазақстандық және алыс-жақын шетелдердің жетекші ғалымдары мен мамандары шақырылады.

Конференция секциялары келесі бағытта жұмыс істейді:

Секция 1. Математикалық модельдеу мен қолданбалы математиканың қазіргі заманғы мәселелері.

Секция 2. Қазіргі білім беру кеңістігіндегі физикалық ғылымның дамуы.

Секция 3. Информатика және ақпараттық жүйелер.

Секция 4. Білім беру жүйесінде қазіргі және ақпараттық технологияның жүзеге асуы.

Сондай-ақ, университет мәртебесі мен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Халел Досмұхамедов есімі берілгеніне 20 жыл толуына орай іс-шаралар өткізуде жаспарланып отыр.

Конференция жұмысы қазақ, орын және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Баяндамалар конференция материалдары жинағында жариялану үшін ұйымдастыру комитетінің mmp.mat@atgu.kz электрондық поштасына 2014 жылдың 10 сәуіріне дейін төмендегідей қосымшаларымен жіберілуі керек:

1. Көрсетілген формаға сәйкес сұраныс (форма тіркеледі);

2. Мақаланың электронды нұсқасы;

3. Ұйымдастыру жарнасының төленуі: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің есеп шотына «Баяндаманың жариялануы үшін ұйымдастыру жарнасы» белгісімен 2000 теңге мөлшерінде төленгені туралы құжаттың көшірмесі.

Мекен жайымыз: 060011, Қазақстан Республикасы,

Атырау қаласы, Студенттер даңғылы 212, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Тел: 8 (7122) 27-63-27; 27-63-01, +7701 7386923.

E-mail: science@atgu.kz, n.shazhdekeeva@mail.ru

Ақпараттық хат