«Орта Азия мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін дамытудағы Т.Жүргеновтің рөлі және рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен 2014 жылғы 30 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында мемлекет қайраткері Т.Жүргеновті еске алу құрметіне арналған «Орта Азия мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін дамытудағы Т.Жүргеновтің рөлі және рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференцияның мақсаты:

Мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің өмірі мен рухани мұрасын кең көлемде дәріптеу, Орта Азия мен Қазақстанның ғылымы мен білімін, мәдениеті мен өнерін қалыптастырып, дамытудағы еңбегіне арналған ғылыми зерттеулер нәтижелерін баяндау, жаңа мұрағаттық құжаттарды саралап, ғылыми айналымға ендіру.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Т.Жүргенов: ұлттар мәдениеті тарихындағы тұлға;

2. Мәдени жаңғыру: тәуелсіз көзқарас;

3. Мәдени саясат – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру факторы.

Конференцияға Ресейден, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан т.б. мемлекеттерден танымал ғалымдар қатысады.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс,ағылшын.

Конференция бағдарламасына ену үшін ұйымдастыру комитетіне қатысушының тіркеу формасын және баяндаманың электронды түрін өткізу мерзімі 2014 жылғы 20 сәуірге дейін.

Конференция материалдарын ғылыми жинақ түрінде алдын-ала баспадан шығару жоспарлануда.

Телефондар: (8-7242), 27-48-02, 26-33-01 факс.

E-maіІ: galyia_k@list.ru

gumanai@mail.ru

Ақпараттық хат