Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2014 жылдың 21-ші мамырында VII Астана экономикалық форумы аясында «Қазақстанның инновациялық экономикасы жаһандану жағдайында тұрақты дамудың факторы ретінде» атты халықаралық ғылыми конференция өткізуді жоспарлайды.
Конференцияның мақсаты: қазіргі инновациялық экономиканың дамуының өзекті сұрақтары бойынша ғалымдар арасында ақпарат алмасу, қазіргі ғылыми зерттеулерді бастамаларға ұсыну, әлеуметтік-экономикалық жүйелер мен үдерістерді модернизациялау және трансформациялау саласындағы ғылыми тәжірибені нақтылау.
Конференцияны өткізу шеңберінде мақалалар жинағы жарияланады. Конференция өткізу нысаны – бетпе-бет түрде талқылау.
Конференцияда келесідей секциялар жұмысы жоспарланып отыр:
1. Экономиканың жаһандануының бухгалтерлік есеп, аудит және талдаудың дамуына әсері;
2. Туристік саланың және «жасыл экономиканың» бәсекеге қабілеттілігінің инновациялық ортасы;
3. Инновациялық дамудың экономикалық теориясы;
4. Қазақстан экономикасындағы инновацияны қаржыландырудың қазіргі формалары мен әдістері;
5. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы;
6. Қазақстан Республикасының инновациялық дамуы мен экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: қазіргі жағдайы және болашағы.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді 2014 жылдың 7-шы сәуірге дейінгі мерзімде электрондық пошта арқылы немесе Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ОЗҒ, 611 каб. тапсырылуы қажет. Ұйымдастыру жарнасы 3000 теңгені құрайды.
Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қажымукан көшесі 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-зертхана ғимараты (ОЗҒ), 611 кабинет. Байланыс телефоны: 7(7172) 709-500/ ішкі: 32-608, 32-606, 32-600/. Жауапты тұлға: Жәлелқанова Нұргүл Жәлелқанқызы ұялы тел. 87751983881.