Ғылым декадасы шеңберінде түркітану кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Шаймердинова Нұрила Ғаббасқызының «Древнетюркская картина мира в текстах письменных памятников» атты оқулығының тұсаукесері өтеді

2014 жылдың 4 сәуірінде бас ғимараттың № 235 ауд. сағат 14:00-де ғылым декадасына байланысты және халықаралық қатынастар факультетінде ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар шеңберінде түркітану кафедрасындының профессоры, ф.ғ.д. Шаймердинова Нұрила Ғаббасқызының «Древнетюркская картина мира в текстах письменных памятников» атты оқулығының тұсаукесері өткізіледі.

Оқулықта көне түркілердің мәтіндері негізінде ойлау жүйесі мен дүниетанымы қолға алынған. Түркітану ғылымының тілдік тұрғыдағы жаңа көзқарастары мен ғылыми методологиялық бағыттары қолға алынған бұл оқулықта антропоцентрикалық тұрғыда көне түркілердің діні мен дүниетанымы, уақыт және кеңістік ұғымы, әлеуметтік тұрғыда – түркі қағандарының билік мәселесі, соғыс және бейбітшілік мәселелері, түркі батырларының тұлғасы және этномәдени байланыстар мәселелері қарастырылған. Сонымен бірге бұл оқулықта В.В.Радловтың, П.М.Мелионарскийдің, С.Е.Маловтың, А.С.Аманжоловтың, М.Жолдасбековтің көне түркі жазба ескерткіштері бойынша жасаған ғылыми еңбектеріне тоқталынған.

Оқулықтың соңғы бөлімдерінде көне түркі жазба ескерткіштерінің жаңа аудармалары мен транскрипциясы берілген.

Бұл оқулық түркітану мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттарына, оқытушыларына және жалпы көне түркі тілі мен мәдениеті, дүниетанымына қызығушылықпен қарайтын барша оқырман қауымға арналған.