«Еуразиялық экономикалық интеграция: негізгі принциптер және ұзақ мерзімді дамудың векторы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

2014 жылы 4 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразиялық экономикалық интеграция: негізгі принциптер және ұзақ мерзімді дамудың векторы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференцияға белгілі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады.

Шараны ұйымдастырушылар: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің қоғамдық бірлестігі.

Еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықтың бастамалары Қазақстан Президентінен өрбігенін қазір бәрі біледі. Нұрсұлтан Әбішұлы 1994 жылы Мәскеу университеті мінберінен Еуразиялық Одақ идеясын алғашқы болып көтерді. Биыл 20 жыл. Содан бері бұл жобаның өміршеңдігі мен өзектілігін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Көптеген әлемдік зерделі зерттеушілердің өзі посткеңестік кеңістікте ықпалдастық тудырған негізгі күш – Қазақстан Президенті екенін бүгінде сөзсіз мойындап отыр.

Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеялары Еуразиялық аймақ дамуының басты алғышарты. Еуразиялық одақ – аймақтың болашақтағы аса зор бастамасы және XXI ғасырдың айрықша ойластырылған стратегиясы. Еура­зиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция – қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы, оның сұранысына жауап болып табылады.

Еуразиялық идеяны практи­ка­лық түрде іске асыру барысында Еур­азиялық экономика­лық қоғам­дас­тық, Еуразиялық даму банкі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Еуразия уни­вер­ситеттерінің қауымдастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ортаазиялық одақ, Тәуелсіз Мем­ле­кеттер Достастығы, Кеден одағы сияқты жаңа құрылымдар өмірге келгені белгілі.Енді сол ұйымдардың бүгіні, ертеңі, келешегі және еуразиялық аймақтың, еуразиялық аймақтық интеграцияның, еуразия­лық идеяның рөлі кеңінен сөз болады деп күтілуде.

Конференцияның ресми тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Өтетін орны: Мирзоян көшесі 2, ЕҰУ, бас ғимарат, 259 аудитория

Өтетін күні: 2014 жыл, 4 сәуір, сағат 15:00