«Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы атынан оқытушы-профессорлар құрамына арналған тағылымдамадан өту бағдарламалары

«Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы оқытушы-профессорлар құрамына арналған тағылымдамадан өту бағдарламаларының ашық екендігін жариялайды.

  1. «Білім беру теориясы мен әдістері» бағдарламасы бойынша 3 айға Лестер Университетінде (Ұлыбриатния).
  2. «Ақпараттық технологиялар» бағдарламасы бойынша 3 айға Брунель Университетінде (Ұлыбриатния).
  3. «Бітімгершілік және шиеленістерді шешу» бағдарламасы бойынша (аталмыш тақырыпта сабақ беретін/зерттейтін халықаралық қатынастар факультеті, экономика факультеті, заң факультеті мен басқа да факультеттерге арналған) 2 айға Карлтон Университетінде (Канада).

Тағылымдамадан өту мерзімі: 2014 ж. қазан – 2015 ж. наурыз (тілдік курстар), 2015 ж. сәуір – қыркүйек (тағылымдама).

Міндетті шарт: ағылшын тілін орташа деңгейде меңгеру (тағылымдама тілдік курстарды қамтуы мүмкін).

Қажетті құжаттар:

  • Төлқұжат
  • Ағылшын тіліне аударылған қолда бар барлық дипломдар (бакалавриат, магистратура, докторантура). Байланыстағы аудармашылармен бейресми аударма жеткілікті (телефон, электрондық мекен-жай).
  • Ағылшын тіліндегі педагогикалық хат (мақалалармен қоса).
  • Ағылшын тіліндегі уәждемелік хат (А4-тен көп емес).

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2014 ж. 10 сәуіріне дейін.

Өтінімді телефон арқылы беруге болады +7 (7172) 709500 (ішкі: 31408) немесе Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, халықаралық бағдарламалар бөлімі, 407 каб., жауапты тұлға – Салтанат. Құжаттарды 20 сәуірге дейін тапсыруға болдаы.