«Қытай тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел

Ғылым онкүндігі аясында филология факультеті қытай тілі кафедрасының ұйымдастыруымен сәуір айының 3 күні сағат 15:00-де 316 дәрісханада (ОЗҒ) «Қытай тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелде қытай тілін оқытудың мән-жайы, қиындықтар мен жетістіктер талданады және әдістемелік тың ізденістер сөз болады.

Ұйымдастырушылар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің филология факультеті, Қажымұқан көш. 11.

Байланыс: (8-717-2) 70-95-00, ішкі: 32-311.