«Аудармашылық шеберлік: оқытудың заманауи әдістері» атты тақырыпта республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді

2014 жылдың 3 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Филология факультеті жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасы, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Назарбаев университеті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, ЕАГИ, ҚазМЗУ, Астана университеті, ИНЕУ, Болашақ ҚУ және т.б. сынды Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Аудармашылық шеберлік: оқытудың заманауи әдістері» деген тақырыпта республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.

Семинар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әкімшілік (бас) ғимаратының диссертациялық залында (302 ауд.) сағат 10.00-де басталады.

Мекен-жайы: Астана қ., Мирзоян көшесі, 2.

Байланыс телефондары: 32-308 (жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасы), 8-701-532-41-89 (ұйымдастыру алқасы).