«Ә.Марғұланның ғылыми және тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында республикалық VII Марғұлан оқулары өтеді

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 2014 жылғы 25 сәуірде «Ә.Марғұланның ғылыми және тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында республикалық VII Марғұлан оқуларын өткізеді.

Конференцияның жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарланады:

1. Әлемдік өркениет тарихындағы Орталық Қазақстанның археологиясы.

2. Қазіргі білім беру, кадрлар дайындау мен қайта дайындау жүйесінің негізгі бағдарлары.

3. Қоғамның инновациялық дамуының экономикалық басқарудағы мәселелері.

4. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері.

5. Техника ғылымының дамуы мен бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудың болашағы.

Конференцияның жұмысы пленарлық және секциялық мәжілістерде кеңінен пікірлер, ғылыми және өндірістік тәжірибелер алмасуды көздейді.

Конференция материалдары арнайы ғылыми жинақта жарияланады.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференцияға келуге және қатысуға байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

2014 жылдың 28 наурызына дейін баяндаманың бір данасын электронды нұсқасымен және тіркеу үлгісін ұйымдастыру комитетінің мекен жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Материалдардың көлемі 5 беттен аспауы тиіс.

Мақалаларды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: 100600, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1-б, Жезқазған университеті, конференцияның ұйымдастыру комитеті, ауд. 304а.

Анықтама телефоны: 8-(710-2) -73-48-44

Факс: 8-(710-2) -73-60-15

Е-mail: nauka.zhezu@mail.ru

Ақпараттық хат