«Ұлы дала ділмары – Әйтеке би» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 25 сәуірінде ұлт бірлігін нығайтуда айрықша еңбек сіңірген, қазақтың данагөй абызы Әйтеке бидің 370 жылдық мерейтойына орай өтетін «Ұлы дала ділмары – Әйтеке би» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Конференция материалдары арнайы жинақта жарияланады. Конференция материалдарының жинағын шығару жарнасы 2800 теңге.

Конференцияға қатысу үшін тапсырыс пен баяндамаларды 10 сәуірге дейін мына мекенжайға тапсыруларыңызға болады: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56. №1 ғимарат, 329 кабинет. Байланыс телефондары: 8(7212)56-59-32 (1123 ішкі байланыс), 87017532218 (Нығметова Нұргүл Тұрсынқызы) немесе электронды пошта: (kazahski00@mail.ru).

Ақпараттық хат