2014 жылдың 16-17 қазан аралығында Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК «Кәсіби кадрларды даярлау стратегиясы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция мақсаты: Педагог кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, тәжірибе алмасу, жаңашылдыққа ұмтылудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету.
Конференция міндеттері:
- білім берудің жаңа әдістеріне көшу,оқыту әдістемелерін жаңғырту, инновациялық технологияларды қолданудағы келелі мәселелерді меңгеру және талқылау;
- жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құрудың келелі міндеттері мен шешуші мәселелерін талқылау;
- білім беру мекемелерінде қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік жүйесін құру және белсенді дамыту мәселелері бойынша талдау;
- педагог кадрлар даярлау бойынша нұсқаулықтар құрастыру.
Конференция жұмысының секция бойынша бағыттары:
– Педагог кадрларды теориялық-әдістемелік негізде даярлау;
– Педагог кадрлардың инновациялық моделін дайындау;
– Ғылым мен білімнің интеграциясы – кадрдың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру факторы;
– Кадрлар даярлаудың психологиялық-педагогикалық алғы шарттары мен жағдайлары;
Баяндама материалдары мен тіркеу үлгісі 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады. Материалдар мына мекенжайда қабылданады: Астана қаласы, І.Жансүгірұлы көшесі 4, Гуманитарлық колледж, тел-факс 50-16-13. Е-mail:agumkol2006@yandex.ru
Ұйымдастыру комитеті:
Астана қаласы Гуманитарлық колледж
Жүсіпов Ә.Ш. – Гуманитарлық колледж директоры
Аубакирова Р.Ш. – Гуманитарлық колледж директорының инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары 87018075330
Абсатова М.Б. – колледж әдіскері 87017286344.