2014 жылғы 18 сәуірде «Тұран-Астана» университетінде «Ғылыми-инновациялық даму жоғары білімді жаңғырту факторы ретінде» атты II халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізіледі.
Конференцияға қатысуға бағыттары бойынша ғылыми зерттеу жүргізетін Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің ғалымдары, ЖОО оқытушылары мен білім беру ұйымдарының жетекшілері, докторанттар шақырылады.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
- Қазақстан жоғары оқу орындарын аккредиттеудің және академиялық саралаудың әдіснамалық негізі: теория и тәжірибе.
- Пәнаралық байланыстарды кіріктіру жағдайында болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
- Қазіргі кезеңде мамандарды даярлаудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
- Қазақстан экономикасының инновациялық-индустриалдық дамуын есепке ала отырып модулдық білім бағдарламаларын құрудың әдіснамасы мен әдістемесі.
- Модулдық білім бағдарламаларын жасаудағы құзыреттілік тәсіл.
Қатысушылар 2014 жылғы 5 сәуірге дейін конференцияға қатысу туралы тапсырыстарын және баяндамаларын жіберуі қажет (Қосымшаны қараңыз). Конференцияға келу шығындары қатысушылардың өз есебінен болады.
Байланыс:
тел. 8(7172) 39-81-18, 39-69-28
E-mail: turan-astana@mail.ru