2 сәуірде «Әбу Насыр Әл-Фараби: дәуір сұхбаттастығы» атты І Халықаралық Фараби Форум өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Философия кафедрасы, Әл-Фараби Орталығы және Қазақстандық Философия Конгресінің Алматы бөлімі 2014 жылдың 2 сәуірінде «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ДӘУІР СҰХБАТТАСТЫҒЫ» атты І Халықаралық Фараби Форум өткізеді.

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

1. Әл-Фарабидің рухани мұрасы: Шығыс және Батыс мәдениетінің сұхбаты

2. Әл-Фараби – университеттің мәдени және білім беру рәмізі: Al-Farabi University Smart City

3. Әл-Фарабидің философиялық және әлеуметтік-этикалық дүниетанымы

4. Әл-Фарабидің ғылыми-жаратылыстанулық көзқарастары

Халықаралық Фараби Форум шеңберінде жыл сайын «Фараби оқулары» өткізілетін болады. Форумның жұмысына қатысу үшін 2014 жылдың 20 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына өтініш және баяндама мәтінінің электронды нұсқасын келесідегідей формада рәсімдеп, өткізу қажет. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Форум материалдарының жинағын басып шығару жоспарланған. Ұйымдастыру жарнасы 3000 теңгені құрайды.

Баяндама көлемі А-4 форматты 7 беттен аспауы тиіс.

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы,

Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 403 бөлме

Телефон: (8-727) 292 57 17 + қосымша 2124, 2125.

e-mail: farabiforum@mail.ru

Ақпараттық хат