«Мәңгілік ел» – Қазақстан білімі мен ғылымын жаңғыртудың уәждемесі» атты «Аманжолов оқулары-2014» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2014 жылдың 10-11 сәуірі аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті көрнекті түркітанушы ғалым, қазақ тілтануы негізін қалаушылардың бірі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Мәңгілік ел» – Қазақстан білімі мен ғылымын жаңғыртудың уәждемесі» атты «Аманжолов оқулары-2014» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Дөңгелек үстелдер:

1. С.Аманжолов еңбектері және ХХІ ғасырдағы ғылымдар сабақтастығы

2. «Бабалар сөзі»

Секциялық отырыстар:

1. Сәрсен Аманжолов және филологияның өзекті мәселелері

2. Білім берудегі инновациялық және ақпараттық технологиялар: бағыттары мен болашағы

3. Ғылыми қайтымды экономикаға көшу: мәселелері және болашағы

4. Заманауи ғылыми білім құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары

5. Математика, физика және жаңа технологиялардың өзекті сұрақтары

6. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, профессорлар, жоғарғы оқу орындарының докторанттары, магистранттары және студенттері шақырылады.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 15 ақпанынан 26 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

– белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;

– төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес рәсімделген мақала;

– ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын құжат көшірмесі.

– Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3500 теңге көлемінде университеттің келесі банк деректемелері бойынша «Аманжолов оқулары – 2014» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «БТА-банк» АҚ ШҚО бөлімшесі 181800014976; ИИК KZ16319B010000333860, БИК ABKZKZKX, БИН 990240007414, КБЕ 16: «С. Аманжолов атындағы ШҚМУ» ШЖҚ РМК.

Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., Казақстан к. 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және инновациялық технологиялар бөлімі, №403 каб.

Байланыс телефондары: 8 (7232) 241-401 – ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және инновациялық технологиялар бөлімі.

Ақпараттық хат