15 наурызда «Гроссмейстер Динара Сәдуақасованың кубогы» шахматтар бойынша турнир өтеді

2014 жылдың 15 наурызында сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Гроссмейстер Динара Сәдуақасованың кубогы» шахматтар бойынша турнир өтеді.

Аталмыш шараны .Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Динара Сәдуақасовамен бірлесе ұйымдастыруда.

Іс-шара аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері арасында жылдам шахматтар бойынша турнир өтпек және ЕҰУ оқытушылары үшін де бірдей уақытта Динара Сәдуақасовамен бірге ойын өтеді.

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, «Гумилев» атриумы (Мирзоян көшесі, 2).