14 наурызда Газиантеп және Хитит (Түркия Республикасы) университеттерінің делегаттарымен кездесу өтеді

14 наурыз күні Еуразия ұлттық университетіне ресми іссапармен Түркия Республикасының Газиантеп және Хитит университеттерінің делегаттары келеді.

Өтетін уақыты: сағат 10.00 – 11.15.

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 302 ауд.

Анықтама.

Газиантеп Университетінің негізі 1987 жылы қаланған. Оның құрамында 15 факультет бар:

  • Инженерлік факультет;
  • Медициналық факультет;
  • Экономика және басқару факультеті;
  • Стоматология факультеті;
  • Сәулет факультеті;
  • Бейнелеу өнері факультеті;
  • Медицина-санитарлық пәндер факультеті;
  • Құқықтану факультеті;
  • Байланыс факультеті;
  • Теология факультеті;
  • Ислахиедегі Экономика және басқару факультеті;
  • Газиантептегі педагогикалық факультет;
  • Низиптегі педагогикалық факультет;;
  • Әуе-ғарыштық өнеркәсіп департаменті.

Сондай-ақ, 10 ғылым-білім беру орталықтары жұмыс істейді:

  • Үздіксіз білім беру орталығы;
  • Қолөнер орталығы;
  • Әйелдер құқығы жөніндегі орталық;
  • Еуропалық Одақты зерттеу орталығы;
  • Ататүрік қағидасы мен Түркияның даму тарихын зерттеу орталығы;
  • Компьютерлік технология орталығы;
  • Қоршаған ортаны зерттеу орталығы;
  • Оңтүстік-Шығыс Анатолия жобасы;
  • Урбанистика орталығы;
  • Шетел тілдерін оқыту орталығы.

Хитит Университетінің негізі 2006 жылы қаланған. Оның құрамында 6 факультет бар:

  • Экономика және басқару факультеті;
  • Инженерлік факультет;
  • Медициналық факультет;
  • Өнер факультеті;
  • Теология факультеті;
  • Ветеринария факультеті.

3 ғылыми-зерттеу институты бар:

  • Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар институты;
  • Әлеуметтік ғылымдар институты;
  • Медицина-санитарлық ғылымдар институты.

5 ғылым-білім беру орталығы бар:

  • Түрік мәдениеті мен Хаджи Бекташ Велиді зерттеу орталығы;
  • Үздіксіз білім беру орталығы;
  • Хитит өркениетін зерттеу орталығы;
  • Ғылыми-техникалық орталық;
  • Қара теңізді зерттеу орталығы.