2014 жылдың 11 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетінде Еуразиялық зерттеулер кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық тарих және «Мәңгілік Ел» идеясы» тақырыбында дәстүрлі «Гумилев олимпиадасы» өтеді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясының мәні мен мазмұнын өскелең ұрпақ арасында насихаттау.
Олимпиада ғылыми жобалар сайысы ретінде ұйымдастырылады. Олимпиадалық сайысқа орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары шақырылады.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
І-кезең: ұсынылған жобалар мазмұндық және техникалық талаптар бойынша іріктеледі (ғылыми жобалар 2014 жылдың 5-сәуірге дейін төмендегі көрсетілген электрондық мекен-жайға жіберілуі тиіс.
ІІ-кезең: талапқа сай және сарапшылардың оң бағасын алған жұмыстардың авторлары ғылыми жобаларын қорғау үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне шақырылады (ІІ кезең 2014 жылдың 11 сәуірде өтеді).
Мекен-жайы: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Тарих факультеті, Пушкин к-сі, 11 үй, № 2 оқу ғимараты, 216 аудитория.
Ғылыми жоба сайысының тақырыптық бағыттары:
– «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи бастаулары;
– «Мәңгілік Ел» идеясы және Отан тарихы;
– «Мәңгілік Ел» идеясы және этномәдени құндылықтар;
– Тарихи тұлға және «Мәңгілік Ел» идеясы
– Қазақ мемлекеттілігі және «Мәңгілік Ел» идеясы
Үздік жұмыстардың авторлары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен, ғылыми жетекшілері сертификаттармен марапатталады.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
010000 Астана, Пушкин көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №2 оқу ғимараты, Еуразиялық зерттеулер кафедрасы, 302 каб.
Телефон: 8(7172) 709 500 (ішкі 34 315, 34 316).
Жауапты :
Шыныбеков Болат Шамкенович- тел. 8 702 667 17 13
E-mail: c.kafedra@yandex.kz