Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2014 жылдың 11 сәуірінде өтетін студенттер, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ғылым және білім – 2014» атты IX Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Баяндама материалы автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны және нәтижесі туралы анық көрініс беру тиіс. Бір адам екі реттен артық автор немесе қосалқы автор бола алмайды.
Қатысу шарты:
Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады. Конференцияға қатысушылар секцияға сәйкес электронды адреске 2014 жылдың 31 наурызына дейін:
– Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес баяндама мәтінін;
– Жіберілетін материалға ғылыми жетекшінің немесе факультет басшысының пікір-ұсынысын;
– Конференцияға қатысуға өтінішті жіберулері қажет.
Жоғарыда көрсетілген пунктілердің бірі болмаған жағдайда материалдар жарияланымға қабылданбайды.
Конференцияға қатысу ақысыз. ISBN берілген электрондық жинақ шығару жоспарлануда, конференция материалдары Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің www.enu.kz сайтында жарияланатын болады. Сонымен қатар конференция соңында конференция жеңімпаздары материалдарының жинағы жарық көреді.
Конференцияның өтетін орны: 010008, Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010008, Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ғылым бөлімі, 408 кабинет, бас ғимарат. Тел.: 8(7172)709-491, 709-487, 709-500 (ішкі 31-442, 31-412, 31-411, 31-441, 31-403).