Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Финляндия Парламентінің төрағасы Ээро Хейнялуомамен кездесу өтеді

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Финляндия Парламентінің төрағасы Ээро Хейнялуомамен кездесу өтеді.

Кездесуде жоғары білім, зерттеу ғылыми бағдарламалары мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттермен алмасу сынды мәселелер талқыланбақ.

Кездесу Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 259 ауд. өтеді.

Өтетін уақыты: сағат 12:00 – 15:00.