«Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттерінің республикалық олимпиадасы

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 2014 жылғы 24-25 сәуір аралығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы 3 курс студенттерінің арасында Республикалық олимпиада өткізеді.

Олимпиада өткізудің негізгі бағыттары – өзін-өзі танудың тарихи негіздері, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жаңартылған тұжырымдамасы.

Олимпиада конкурстарының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушылар арасынан 1, 2, 3-ші орын иеленушілерді анықтайды. Олимпиадаға жоғары оқу орындарының мемлекеттік тілде және орыс тілінде білім алатын 3-ші курс студенттері қатыса алады (қатысушылардың жеке басын растайтын куәлігі, сынақ кітапшасы немесе студенттік билеті болуы керек).

Команда құрамы: жетекші және команданың 4 мүшесі. Олимпиадаға қатысушылардың барлық шығындарын жіберген жоғары оқу орындары көтереді.

  • Командалар 2014 жылғы 23 сәуірде келулері керек.
  • Олимпиада 2014 жылғы 24-ші сәуірде басталады.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Достық даңғылы,13

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиадаға қатысу үшін білім беру мекемесі ұйымдастырушы комитеттің (agend66@mail.ru) электронды почтасына 3-ші наурызға дейін өтінім жібереді.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Алматы қаласы, Төлеби көшесі, 31 үй мекенжайы бойынша орналасқан Педагогика және психология институты 30,31 каб.

Анықтама телефоны: 87013527993, 87772479030, (agend66@mail.ru) (Ширинбаева Гульмира Койбагаровна).

Ақпараттық хат