Иран Ислам Республикасы ғылыми іс-шаралар жоспарын ұсынады

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігі Иран Ислам Республикасында жоспарланған келесі іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлайды:

• 2014 жылғы 16-20 тамыз аралығында Тегеранда математикадан XV-ші халықаралық, химиядан VII-ші халықаралық және статистикадан I-ші халықаралық олимпиадалары өткізіледі;

Қатысушылардың жеке мағлұматтарын толтыру формасы, бағдарлама кестесі, кітапша, сұрақтардың үлгілері мен қатысу ережелерін

www.olympiad.sanjesh.org/en/index.asp сайтынан алуға болады. Сұрақтар мен қатысушылардың аты-жөндері olympiad@sanjesh.org электрондық мекен-жайға жібере аласыздар;

• 2014 жылға 14-15 мамыр аралығында Сари Ауылшаруашылық ғылымдары және табиғи ресурстар университетінде 4-ші халықаралық «Экология түйткілдері және дендрохронология» конференциясы өткізіледі.

Толығырақ мәлімет www.dendro.sanru.as.ir интернет сайтында алуға болады, email: ceri@sanru.ir, байланыс телефоны: 0098 9112122069;

• 2014 жылға мамыр айында Имам Хумейни атындағы халықаралық университеті (Қазвин қаласы) сәулет өнерінен Каспий теңізі аймағының студенттері фестивалі өтеді. Толық ақпарат www.acssu.org сайтынан алуға болады.