3 наурызда Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді

 

2014 жылдың 3 наурыз күні сағат 15.00-де Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара (ОЗҒ концерт залында) өтеді.

Бағдарламада:

– Мерекелік құттықтаулар:

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының көрсетілімі. Көркемдік жетекшісі – профессор, мәдениеттанушы Болат Аюханов.

Тек 3 наурызда Еуразия ұлттық университеті музыка, қозғалыс пен адам кейіпінің өзгеруі сынды тылсым сырларға толы ғажап дүниелердің куәгері болуға зор мүмкіндік беріп отыр. «Болат Аюхановтың мерейтойлық кеші» мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының гастрольдік сапары аясында университет қабырғасында ҚР МАБТ әртістері өнер көрсетпек.

Қазақ балетінің аңыз адамы, ҚР мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы әрі тұрақты жетекшісі, ҚР Халық әртісі, әйгілі хореограф, профессор Болат Аюхановтың есімі әлемге әйгілі.

Қырық бес жылдың ішінде «Алматының жас балеті» репертуары бай, шеберлігі жоғары Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналып, бүкіл тірлік тынысы біздің көз алдымызда өтуде. Аюхановтың қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық, графикалық па, зергерлік пе, әйтеуір, кез келген қойылымының бүге-шігесіне шейін дәл, нақтылық тән. Соның арқасында шетелге де, республикамызға да кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен бұл ансамбль әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына еніп отыр.

Театр афишасы