«Жасыл экономиканы» дамыту: өзекті мәселелері, құқықтық қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2014 жылғы 19-21 маусымда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Жасыл экономиканы» дамыту: өзекті мәселелері, құқықтық қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференцияның мақсаты – «жасыл» экономикаға өтудің нәтижелі модельдерін іздеу және адам мен табиғаттың үйлесімді дамуын қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін талқылау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. “Жасыл” экономикаға көшудің және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері;

2. “Жасыл” экономикаға көшудің құқықтық негіздері;

3. Юриспруденция және табиғат пайдалану салаларында кәсіби мамандар дарялау.

Конференцияға Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден экономиканың сәйкес салалары бойынша жетекші ғалымдар мен мамандар қатысады.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс,ағылшын.

Конференция бағдарламасына ену үшін ұйымдастыру комитетіне қатысушының тіркеу формасын және баяндаманың электронды түрін өткізу мерзімі 2014 жылғы 30 сәуірге дейін.

Конференция материалдарын ғылыми жинақ түрінде алдын-ала баспадан шығару жоспарлануда.

Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіздер:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29а, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, ғылым және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті.

Телефондар: (8-7242), 27-48-02, 26-33-01 факс.

E-maіІ: galyia_k@list.ru

Ақпараттық хат