Астана қаласының Әкімдігі, «Қазақстандық Философиялық Конгресс» ҚБ және «Астана-Зерттеу» Қоғамдық қоры Қазақстан Елордасына арналған Жетінші жыл сайынғы халықаралық конференцияның өткізілетінін жариялайды. Бұл жылы конференция «Ақпараттық қоғам мәнмәтініндегі астаналар» тақырыбында өтеді. Конференция 2014 жылдың 26-27 маусымы күндері Астана қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Конференция барысында бес негізгі секцияларда мәселелердің философиялық, тарихи, әлеуметтік, экономикалық, техникалық және басқа да қырлары талқыланатын болады.
Секция I. Ақпаратттық қоғамның философиялық мәселелері
– урбанистік зерттеулер мәнмәтінінде ақпараттық қоғамның қалыптасуы
– әлемдің астаналар және елордалық қалалар мәнмәтініндегі ғаламдық ақпараттық кеңістік
– жаңа ақпараттық технологиялар және қалалық адамның өмірлік әлемінің өзгеруі
– қала философиясы мәнмәтініндегі «виртуалды тіршілік» мәселелері және басқалар
Секция II. Ақпараттық қоғам жағдайындағы қалалар, астаналар және мемлекеттер: экономикалық, саяси және әлеуметтік қырлар
– білімдер экономикасы, желілік экономика, ақпараттық өнімдер мен қызметтерді өндіру, виртуалды нарық
– ақпараттық қоғам жағдайындағы астаналар мен аймақтардың өзара әрекеттесуі
– электронды демократияның, электронды мемлекеттің және электронды үкіметтің дамуы
– ақпараттық қоғам жағдайындағы қалалық саясат
– ақпараттық қоғам, әлеуметтік мемлекет және басқалар
Секция III. Ірі қалалар мен астаналардағы медиасала мен білім беру саласының мәселелері
– ақпараттық қоғамның өзегі ретіндегі коммуникациялар
– желілік қауымдастықтар: саяси және әлеуметтік мәселелер
– электронды БАҚ «үстемдігі»
– білім беруді ақпараттандырудан электронды оқытуға дейін
– ақпараттық-білім беру ортасының өзгеруі, біліктілік тәсілдемесі және басқалар
Секция IV. Қалаларды ақпараттандыру: әлемдік тәжірибе және қазақстандық шындық
– ірі қалалардың дезиндустриалануы мен ақпараттануы
– қалалардың ақпараттануының еуропалық және американдық тәжірибесі
– қалалардың ақпараттануының азиялық тәжірибесі
– қалалардың ақпараттануы бойынша ТМД елдерінің тәжірибесі
– қалалардың ақпараттануының қазақстандық тәжірибесі және басқалар
Секция V. Астана қаласының ақпараттану бағдарламалары: мәселелері мен болашағы
– әлем мегаполистерінің ИТ-индексі мен Астана
– «Ақылды қала» бағдарламасы («Smart Astana»)
– «Болашақ мектебі – бүгін» бағдарламасы
– «Қауіпсіз қала» бағдарламасы
– «Е-жедел» бағдарламасы
– «Smart лифт» бағдарламасы
– «Astana Innovations», «Интеллект-Астана» және тағы басқа компаниялар бағдарламалары
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің атына форма (Қосымша 1) бойынша өтініш пен баяндама мәтінін (Қосымша 2-дегі баяндамаларға қойылатын талаптар) 2014 жылдың 1 мамырына дейін жолдау қажет.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайлары:
пошталық: 010000, Астана қ., Бейбітшілік көш., 18, 420 кеңсе
электронды: astana–zertteu@mail.ru
Телефондар:
тел./факс 8-7172-320987;
тел. 8-7172-320987; 8-7172-438153;
ұялы тел. 8-701-5225508, 8-777-5298770