«З.Шашкин оқулары – 2014» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 2014 жылдың 25 сәуірде «З.Шашкин оқулары – 2014» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция аясында қазіргі білім мен ғылым дамуының өзекті мәселелері бойынша төменгі секциялардың жұмыстары жоспарланып отыр:

1.З.Шашкиннің шығармашылық тұлғасы: жазушылық және дәрігерлік қызметі

2.Тіл білімі және көптілділік мәселелері

3.Фольклортану мен әдебиеттану ғылымдарының өзекті мәселелері

4.Қазіргі білім беру мәселелері және оларды шешу жолдары.

Конференция материалы ғылыми мақалалар жинағы түрінде жария болады. Қатысушылар мақалаларын материалдар жинағына жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 2000 теңге құрайды.

Тіркеу жарнасын ПМПИ кассасында төлеуге немесе банк есепшотына аударуға болады:

ШЖҚ РМК «Павлодарский государственный педагогический институт»

БСН 040340005741

СТН 451500220232

ЖСК № KZ 609650000061536309

«Альянс банк» АҚ

БСК IRTYKZKA

КҰОК 40200973

БЕК 16

Түбіртекте «З.Шашкин оқулары – 2014» конференциясы деп көрсетілуі керек.

Конференция материалдары 2014 жылғы 25 наурызға дейін ғылыми жұмысты ұйымдастыру бөліміне (105 каб.) және мына электронды пошта бойынша қабылданады. Е-mail: otdelnauki_105@mail.ru.

Конференцияның өтетін орны: Павлодар қ. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Мир көшесі, 60-үй.

Байланыс тел.: 8 (7182) 65-16-12

Ақпараттық хат