Жас заңгер-ғалымдардың көктемгі мектебі!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экологиялық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 3-7 наурызы аралығында отандық және шетелдік профессорлардың қатысуымен экологиялық және кәсіпкерлік құқық бойынша жас заңгер-ғалымдардың көктемгі мектебі өтеді.

Жас заңгер-ғалымдардың көктемгі мектебінің мақсаты: жас ғалымдардың, докторанттардың, ғылыми қызметкерлердің білімін және ғылыми әлеуетін көтеру; экологиялық, табиғи ресурстық және кәсіпкерлік заңнамасы саласындағы өзекті мәселелерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдауға жағдай жасау; ғылым мен білімнің деңгейін арттыру және іскерлік байланыстар орнату.

Барлық қатысамын деушілерге есік ашық.

Көктемгі мектептің өтетін уақыты: 2014 жыл 03 наурыз, тіркеу 09.30 сағ.

Өтетін орны: Мирзоян көшесі 2, ОӘҒ, 302 аудитория, 214 ауд.(сот мәжілісінің залы)

Жауапты оқытушылар: Шарапатова Гүлдана Сермағанбетқызы, з.ғ,к., доцент; Марат Нұржан Маратұлы, аға оқытушы.

Байланыс тел: жұмыс тел: 705 900 (ішкі: 31 295)

email: Doszhanova_g@mail.ru, Nuralimarat@yandex.ru