«Империя кеңістігіндегі Еуразияның әлеуметтік және мәдени тәжірибелері» атты Халықаралық сырттай ғылыми конференция

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы «Империя кеңістігіндегі Еуразияның әлеуметтік және мәдени тәжірибелері» атты Халықаралық сырттай ғылыми конференцияны өткізу туралы жариялайды.

2014 жылдың 28 маусым -28 шілде күндері, Өскемен қаласы

Конференцияға қатысу үшін Еуразияны (сонымен қатар, Алтай мен шекаралас аймақтар: Сібір, Моңғолия, Қытай, Қазақстан) зертттеуімен айналысатын барлық гуманитарлық ғылымдардың саласындағы зерттеушілер шақырылады.

Конференция шеңберінде келесі мәселелер талқыланады:

– Тарих жазудағы отарлау мәселесі;

– Әлеуметтік және мәдени тәжірибелер: алмасу, оңдіру құрастыру, жаңалық ашу;

– Кеңістік және уақыт ағымы категорияларындағы Алтай;

– Ұлттық нарративтердегі Алтайдың бейнесі.

Өтінімді 2014 жылдың 15 наурызға дейін, мақаланы (15 000 белгілерден кем емес, Times New Roman, 14 шрифт, аралық интервалы – 1,5, сілтемеллер мәттінен кейін автоматтық түрде) 15 сәуірге дейін unic12@mail.ru (Анар Смагулова, Канша Калиева) электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. Материалдар ағылшын, орыс және қазақ тілінде қабылданады.

Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа және талаптарға сай емес материалдарды қабылдамауға құқылы. Мақалалардың конференцияның баяндамалар жиынтығына қосылғаны туралы мәлемет 2014 жылдың 1 мамырына дейін жіберіледі. Мақаланы баспаға шығару ақысыз.

Ақпараттық хат