«Кеңес дәуірінен кейінгі елдердегі қазіргі жастардың этноконфессиялық идентификациясы және басымдылығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2014 жылдың 30 сәуірінде «Кеңес дәуірінен кейінгі елдердегі қазіргі жастардың этноконфессиялық идентификациясы және басымдылығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

1.Қазақстандағы және шектес мемлекеттердегі жаңа діни қозғалыстар.

2.Этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық-саяси және экономикалық құрамдастары.

3.Қазіргі кезеңдегі конфессиялық саладағы мемлекеттік-құқықтық саясат.

4.Этноконфессиялық мәселелерді айқындаудағы және лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет жасаудағы БАҚ-тың рөлі.

5.Діни фундаментализм мен экстремизмді алдын алу саласындағы өзекті мәселелер.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2014 жылдың 15 cәуріне дейін толтырылған тіркеу парағы мен Microsoft Оffice Word (2003,2007, 2010) редакторында терілген А4 форматтағы 5 беттен аспайтын мақаланы жауапты хатшының yizbaeva@mail.ru электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Әр файлда бір ғана жұмыс болуы және мақала авторының тегімен аталуы қажет. Ғылыми мақала секцияның тақырыбымен сәйкес, өзекті, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы тиіс. Сонымен қатар төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және ресімдеу талаптарына сай болуы қажет.

Конференция сұрақтары жөнінде мына мекен-жайға хабарласыуыңызға болады: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 238а кабинеті, ғылым және инновациялар Департаментінің ғылыми-әдістемелік бөлімі, тел.: 8 (718-2) 673-683. Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.

Конференцияға қатысулырыңыз, келулеріңіз және тұрғын үйге өтінімді 2014 жылдың

15 сәуіріне дейін хабарлауыңызды сұраймыз.

Ақпараттық хат